Қосымша мамандықтар жайлы және жаңа вакансияларды Job.Railways.kz сайтынан оқыңыз.
Тауар кассирі
Тауар кассирі-тасымалдау құжаттарын ресімдеуге, клиенттермен есеп айырысуға және жүк операцияларының дұрыс ресімделуін бақылауға жауапты маман.
Негізгі міндеттері: - Жүктерді және қосымша қызметтерді тасымалдау үшін есеп айырысуды ұйымдастыру, түбіртектерді, жүкқұжаттарды және басқа да қаржылық құжаттарды ресімдеу. - Тасымалдау құжаттарының нормативтер мен тарифтерге сәйкес дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету. - Қабылданған және берілген жүктер бойынша есеп пен есептілікті жүргізу, Автоматтандырылған жүйелерге деректердің уақтылы енгізілуін бақылау.
Білімі: орта техникалық немесе орта кәсіптік Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл