Қосымша мамандықтар жайлы және жаңа вакансияларды Job.Railways.kz сайтынан оқыңыз.
Вагондарды тексеруші
Вагондарды тексеруші-ақауларды анықтау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және вагондарды пайдалануға дайындау мақсатында жылжымалы құрамды техникалық тексеруге жауапты маман.
Негізгі міндеттері: - Вагондарды келу кезінде және жөнелту алдында тексеруді ұйымдастыру: жүріс бөлігінің, тежеу жүйесінің, тіркеме құрылғылар мен шанақтың жай-күйін көзбен шолып және аспаптық тексеру. - Вагондардың техникалық жарамдылығын қамтамасыз ету, ақауларды, зақымдануларды, тозуды анықтау және жөндеу немесе ағытып алу қажеттілігі туралы шешім қабылдау. - Контейнерлердің герметикалығын, пломбалардың жай-күйін, жүктерді тиеу мен бекітудің дұрыстығын тексеру.
Білімі: орта техникалық немесе орта кәсіптік Мамандығы: темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) Жұмыс тәжірибесі: қажет емес