Қосымша мамандықтар жайлы және жаңа вакансияларды Job.Railways.kz сайтынан оқыңыз.
Жолаушылар вагонының жолсерігі
Жолаушылар вагонының жолсерігі-жол жүру жолында жолаушылар вагонына ілесіп жүретін, жолаушыларға сапар бойы жайлылықты, қауіпсіздікті және қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін маман.
Негізгі міндеттері: - Жолаушыларды отырғызуды және түсіруді ұйымдастыру: билеттер мен құжаттарды тексеру, орналастыру кезінде көмек көрсету, маршрут және аялдамалар туралы хабарлау. - Сапардың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету: температураны, жарықтандыруды, желдетуді бақылау, төсек-орын жабдықтарын беру, сусындар мен тауарларды сату. - Мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. - Жолаушылармен және пойыз қызметкерлерімен өзара әрекеттесу.
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік) және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық: теміржол көлігіндегі жолсерік; мемлекеттік және ресми тілдерде жолаушылар вагондарын жолсерік Мамандығы: көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Маркетинг; Менеджмент; Қаржы; Экономика; Құқық қорғау қызметі; Құқықтану. Жұмыс тәжірибесі: қажет емес