Қосымша мамандықтар жайлы және жаңа вакансияларды Job.Railways.kz сайтынан оқыңыз.
Электромонтер
Электромонтер-темір жол объектілерінде электротехникалық жабдықтардың, сигнал беру, байланыс және электрмен жабдықтау жүйелерінің жарамды жай-күйін және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін білікті жұмысшы.
Негізгі міндеттері: -Темір жол объектілерінде сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау (СОБ), жарықтандыру, байланыс және кабель желілеріне қызмет көрсету. - Монтаждау және баптау жұмыстарын жүргізу: электр құрылғыларын орнату, қосу, реттеу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру. - Ағымдағы және күрделі жөндеуді орындау: ақаулықтарды жою, зақымдалған элементтерді ауыстыру, жабдықтың алдын алу.