Қосымша мамандықтар жайлы және жаңа вакансияларды Job.Railways.kz сайтынан оқыңыз.
Жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы
Жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы-теміржол станцияларында, вокзалдарда және басқа да көлік тораптарында жүктер мен багажды қабылдауды, ресімдеуді, сақтауды және беруді ұйымдастыруға жауапты маман.
Негізгі міндеттері: - Тасымалдау кестесі мен шарттарын сақтай отырып, жөнелтушілерден тасымалдаушыға жүктер мен багажды қабылдауды және беруді ұйымдастыру. - Тасымалданатын мүліктің қауіпсіздік талаптары мен ерекшелігін ескере отырып, қоймада немесе вагонда жүктердің сақталуын және дұрыс орналастырылуын қамтамасыз ету. - Сыртқы тексеру жүргізу және жүк пен багаждың ілеспе құжаттарға, оның ішінде салмағына, қаптамасына және таңбалануына сәйкестігін тексеру.
Білімі: жоғары немесе орта техникалық/кәсіптік немесе орта Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, коммерциялық қызмет (теміржол көлігі), теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, Көлік, көлік техникасы және технологиялары Жұмыс тәжірибесі: поездарды қабылдаушы лауазымында кемінде 2 жылды қоса алғанда, кемінде 3 жыл (жоғары және орта техникалық білім беру кезінде) талап етілмейді (орта білім беру кезінде)